Кейбір кен орындарында мұнай өндіруді қысқарту ауыртпалықсыз атқарылды – Нұрлан Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіруге және мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер біз мұнай өндіруді қысқартпаған жағдайда, 2020 жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кетуіне, кейбір кен орындарында мұнай өндірудің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді. Мәмілеге қатысудың арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Біз кейбір кен орындарында өндіруді толық тоқтатпай, барынша ауыртпалықсыз қысқарту жүргіздік», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев

Оның айтуынша, Қазақстандық мұнай өндеу зауыттарын жабдықтау нәтижесінде бүгінгі таңда ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен отандық өніммен қамтамасыз етілуде.

«2020 жылдың мамыр-маусым айларында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді азайту міндетін өз мойнына алды. Қазақстандағы орташа тәуліктік мұнай өндіру (конденсатсыз) 25 мамырдағы жағдай бойынша 177,8 мың тонна мұнайды құрайды, бұл ОПЕК+мәмілесінің міндеттемелерін орындағанын көрсетеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар