Кейбір ірі кен орындарында жалақы өсті – Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Өңірде бірқатар сала жұмысшыларының талабы орындалып, жалақысы өсті. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында ірі кен орындарының жұмысшылары өз талабын қойды. Қазіргі кезде бірқатар өндіріс орындарында жұмысшылар жалақасын көтеру мәселесі қарастырылып жатыр.

«Өндіріс саласы жұмысшыларының басты талаптарының бірі жалақыны көтеру болды. Бұл ретте облыс әкімдігі тұрақты шараларды қабылдап жатыр. Жалпы биыл 1 қаңтардан бастап өндіріс саласындағы 24 мың адамға жалақы орташа есеппен 25% өсірілді. «Ақтөбе мыс компаниясы», «Коппер Текнолоджи», «Казгеоруд» кәсіпорындары (2 000 адам) 20%-дан 50%-ға, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (6 100 адам) 25 %-ға дейін көтерді. «Казхром» ТҰК» АҚ (Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң кен байыту комбинатындағы 12 000 адам) 10%-дан 35%-ға дейін көтерді. Қалған кәсіпорындар бойынша басшыларымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, өңірді дамыту мақсатында, Ақтөбе облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Аталған жоспарға жергілікті халық үшін маңызы зор жобалар енгізіледі», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде жағдай тұрақты. Әкімдіктен басқа ғимарат бүлінген жоқ.



Соңғы жаңалықтар