Кейбір елдің көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қауіпсіздігіне қайшы келіп отыр – Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірқатар мемлекеттің көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатына қарама-қайшы. Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Климаттық және технологиялық тегеуіріндерден бөлек, әлемде жаңаратын энергия көздеріне көшу өзектілігі жаңа геосаяси контексті күрт арттырды. Бірақ, екінші жағынан энергетикалық тәуелсіздікке ұмтылу бірқатар елді көмір шахталарын қайта қосуға және көмір электр стансаларының жұмысын жандандыруға итермеледі. Нәтижесінде бірқатар мемлекеттің көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатына қарама-қайшы болғанын көріп отырмыз», - деді Қазақстан Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы бүгінгі кеңес отырысын аталған мәселеге қатысты Бірқатар мемлекеттің көміртексіздендіру саясаты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатына қарама-қайшы интерактивті өзара іс-қимыл ретінде өткізуді ұсынды.

«Сөз сөйлеулеріңізде сіздердің пікірлеріңізді, ең алдымен бізге - Қазақстанға ұзақмерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін негізгі құралдар ретінде жасыл және энерготиімді технологияларды қабылдауда қандай әдістер ұсынатындықтарыңызды естігім келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар