+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінім бермей-ақ, бірден тағайындалады

2020 жылғы 14 шілде 16:27
Бөлісіңіз:
Кей санаттағы азаматтарға 42 500 теңге өтінім бермей-ақ, бірден тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірқатар санаттағы азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлемі өтінім бермей-ақ, автоматты түрде тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпшілік «өткенде алдық, енді жаңадан өтінім бермей-ақ төлей салуға болмай ма?» деп сұрақ қойып жатыр. Өтінім бермесе болмайды деп шештік. Себебі, біріншіден әр өңірде жағдай әртүрлі. Кей мекемелер жұмыс істеп жатыр. Бұрын тоқтап тұрғандары қайтадан жұмысына кірісті. Оның үстіне төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп, қазір жұмыссыз қалған адамдар да болуы мүмкін. Әрине, олар да өтінім беріп, төлемді алуы тиіс», - деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, бірқатар санаттағы азаматтардан өтініш қабылданбай-ақ, әлеуметтік төлем берілуі мүмкін. Бұл мәселені Еңбек пен Цифрлық даму министрліктері өзара талқылау үстінде.

«Сол белгілі бір санаттағы азаматтардың атына «Өткен жолы әлеуметтік төлем алдыңыз. Жағдайыңыз сол қалыпта ма? Оны растайсыз ба? Сізге өтінішсіз төлем тағайындасақ, қарсы емессіз бе?» деп СМС-хабарлама жібереміз. Қарсы емеспін десеңіздер, жұма күннен бастап әлеуметтік төлем тағайындауға дайынбыз», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT