+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Кей өңірлерде қарантинді жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбеюіне себеп болған – Елжан Біртанов

2020 жылғы 4 маусым 10:51
Бөлісіңіз:
Кей өңірлерде қарантинді жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбеюіне себеп болған – Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбеюіне себеп болған. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Елжан Біртанов осылай деді.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 2 апталық карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енеді Қозғалысы тоқтатылған пойызға билет алған жолаушылар ақшасын қалай қайтара алады Бәріміз бір-біріміз үшін жауаптымыз – Волонтер карантин туралы

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.

Осыған орай кей өңірлерде шектеу шаралары күшейтілмек.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», — деді Е. Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT