Кей директорлар қаражат үнемдейді – Бағдат Мусин мектептердегі интернет сапасы туралы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кейбір мектептегі сапасыз интернеттің себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мектептердегі интернет мәселесіне қатысты жағдай белгілі. Егер кез келген ұйым интернетке нарықтық бағамен төлеуге дайын болса, бұл ретте жылдамдығы жоғары интернет тартылады. Атап айтқанда, тиісті ұйым немесе заңды тұлға жоғары тариф төлесе, онда операторлар оларға қызмет көрсетуге дайын екені анық, -

деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттар сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда, ол мектептердегі жылдамдығы нашар интернет мәселесіне тоқталды.

Мектептердегі жағдайға тоқталсақ, жақында Үкімет отырысында осы мәселені талқылап, әкімдіктерге нақты тапсырма бердік. Интернет бойынша бюджетті мектептерге арнап есептегенде, стандарт бойынша 20 Мбит-ке жетеді. Ал директор қаражат үнемдеп, секундына 8 Мбит үшін төлейді. Осы орайда, операторлар оған 8 Мбит ауқымында қызмет көрсетеді. Екіншіден, мектеп ішіндегі интернет желісі тиісті деңгейде тартылмаған, яғни оператор модемді тек бір компьютерге орнатады. Бұл тұрғыда негізінен бухгалтер мен директордың кабинетіне қойылады да, бүкіл мектеп аумағында интернет қамтамасыз етілмейді, -

деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бағдат Мусин сапасыз байланыс пен интернет үшін операторлар қомақты сомада айыппұл төлеп жатқанын айтты.


Соңғы жаңалықтар