+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Кешенді тестілеуден өту үшін қандай құжат тапсыру керек

2019 жылғы 23 мамыр 12:54
Бөлісіңіз:
Кешенді тестілеуден өту үшін қандай құжат тапсыру керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі бірыңғай кешенді тестілеу ережесін бекітті. Ережеге аталған ведомствоның басшысы Күләш Шәмшидинова қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұл ережеде оқуға түсуші қандай құжаттар тапсыру керектігі көрсетілген. Атап айтқанда, өтініш, білімі туралы құжат, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У формасындағы медициналық анықтама, тестілеуге қатысу үшін төлем жасалғаны туралы түбіртек ұсынылады.

Жеке куәлігінің көшірмесімен бірге салыстыру үшін құжаттың өзі де көрсетіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтінім бергендерге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат тапсырылады.

Белгілі болғандай, тестілеуге қатысу үшін өтінім қабылдау шаралары 3-25 шілде аралығында іске асырылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT