+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Керуен сарай» расында пенопластан салынған ба: Шөкеев сынға жауап берді

2021 жылғы 19 маусым 16:20
Бөлісіңіз:
«Керуен сарай» расында пенопластан салынған ба: Шөкеев сынға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Керуен сарай» нысанын салуда қандай құрылыс материалдары қолданылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда халықаралық талаптарға сай спорт кешендері салынып жатыр Түркістан қаласында күш-қуат құрылымдарына жаңа ғимараттар салынып жатыр Сауран ауданының үш ауылдық округінде әкімдерге дауыс беріліп жатыр

«Ол жерде күн сайын жүрдім. Ол темір-бетоннан, арматурадан салынған. Бұл жерде барлығы да өңірде сейсмикалық қауіп төмен болғандығына қарамастан үлкен сақтықпен жоспарланған. Әрине, әртүрлі ішкі материалдар, қабырға материалдары қолданылған. Келушілердің бірі сол материалды байқап қалып, бүкіл Керуен сарай сонымен салынған деп ойлапты. Бұл қарапайым материал. Егер ол құрылыстан хабары болса мұндай жазбайтын еді. Жалпы, Sembol әлемдік компания саналады. Ол өзінің абыройын қатты бағалайды. Олар мұндай жайт үшін абыройларына келген нұқсанға байланысты жауапқа да тартуы мүмкін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы пенопласт арзан құрылыс материалы болғандықтан барлық жерде қолданылатындығын баса айтты.

«Ол өте арзан әрі тиімді. Жалпы, қазіргі әлемде барлығы платмассадан жасалады. Мына үстел, қаламсап, микрофон пластмассадан жасалған. Сондықтан меніңше, жоқ жерден түсініксіз хайп жасап отыр. Мұндай жайтты айтқан кезде жауапкершіліктің де болғаны дұрыс-ау. Өйткені, біз туристерді тартқымыз келеді. Шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуға ұмтыламыз», - деді облыс басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT