Керлингтен қысқы спартакиадада алматылықтар топ жарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда керлингтен қысқы  спартакиада жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

null

Бүгін  Almaty Arena мұз сарайында керлингтан төртінші қысқы Спартакиада жүлдегерлері марапатталды. Алматы  ақпараттық және спорттық ХАБ-тың  хабарлауынша, жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен  келген 9 команда  қатысқан. Олар Алматы және Астана қалалары, Алматы, Ақмола, СҚО, ШҚО, Жамбыл, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары. Керлинг додасы  айналым жүйесі бойынша бүкіләлемдік керлинг федерациясының (WCF) ережесіне сәйкес қыздар, ұлдар, аралас жұптар, аралас команда болып өзара мықтыны анықтады.  

null 

 Жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар арасында Алматы құрамасы алтынды қанжығаға байласа, Жамбыл  облысының спортшылары күміс еншіледі. Ал мен Солтүстік Қазақстан облысының командасы қоланы қанағат тұтты.  Қыздар арасында Алматы құрамасы бірінші орынға жайғасса,Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары екінші орынды иеленді. Ал  үздік үштікті  Астана командасы  түйіндеді.  Аралас команда сайысы  бойынша алтынды Алматы облысы, күміс пен қоланы Маңғыстау және Ақтөбе облыстары қанжығасына байлады. Аралас жұптардан  Астана бірінші орынды алса, Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстары екінші және үшінші орындарға жайғасты.

null 

 - Үшінші спартакиадада 5 команда болатын, ал, биыл олардың саны 9-ға жетті. Бұл өте қуанышты жайт, себебі Алматы қомандасына бәсекелестік  пайда болды. Керлинг  Олимпиада ойындарының ішіндегі ең жақсы дамып жатқан  спорт түрі, - деді керлингтен Қазақстан құрамасының  бас  бапкері Виктор Ким.

Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табысталды.

null 

- Спартакиада өте қызық болды. Осынша команда қатысады деп ойламадық, барлығы да осал емес. Бірақ, біз шеберлігіміздің арқасында жеңіске жеттік. Әрине, сәтсіз жерлерде болды, алайда барлығы жақсы өтті, - деп өз ойымен бөлісті Алматы командасының ойыншысы Абылайхан Жүзбай.

 Айта кетер жайт, керлингтен қысқы Спартакиада  Almaty Arena мұз сарайында желтоқсанның  11-і күні басталған болатын. Онымен қатар, бұл жерде ҚР XV-ші чемпионаты, ҚР XIV-ші кубогы және еден керлингінен ҚР III-ші ашық чемпионаты өтуде.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар