Керчьтегі оқиғада қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Керчь қаласында қаза тапқандардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ-ге сілтеме жасап.

«Зардап шеккендер мен көз жұмған адамдардың ішінде қазақстандықтар жоқ. Қазақстанның атынан Керчьте қайтыс болғандардың туған-туыстарына, жақындарына көңіл айта отырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, кеше Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Бастапқы мәлімет бойынша, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген.

Кейін қаза болғандар саны 21 адамға жеткендігі туралы хабарлаған болатынбыз.


Фото: Сергей Мальгавко/ТАСС

Соңғы жаңалықтар