Керчьтегі колледжде болған жарылыстан 10 адам қаза тапты

None
None
КЕРЧЬ. ҚазАқпарат - Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 10 адам қаза болып, 20-дан астамы ауруханаға жеткізілген, деп жазады ТАСС.

Тергеу комитеті жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Лаңкестікке қарсы Ұлттық комитеттің мәліметінше, оқиға салдарынан 50-ге жуық адам зардап шеккен.

«Колледжге жақын аумақ қоршауғпа алынды, ғимаратта болған адамдарды қауіпсіз жерге көшіру басталды. Зардап шеккендер қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді. Оларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде», - деп нақтылады комитетте.

Қаладағы қоғамдық көлік жарылыстан зардап шеккендерді тасымалдау үшін қолданылуда. Қалалық Көлік басқармасының Жолаушыларды тасымалдау бөлімінде көлік құралдарының санын нақтылаған жоқ.

Комитет ақпаратынша, Керчьте анықталмаған жарылғыш құрал жарылған. Мұндай жарылыстың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қолданылуда. Құқық қорғаук органдары болған оқиғаның себептерін анықтау үстінде.

Жарылыс болған колледж газды отынмен жабдықталмаған еді.

Соңғы жаңалықтар