Кепілгер елдер мен сириялық оппозиция қандай ымыраға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов елордада аяқталған Сирия бойынша Астана процесінің 11 раунды қорытындысына орай, кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кепілгер елдер Иран, Ресей және Түркия аталған мәлімдемеде Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін бірлігі мен территориялық тұтастығын жақтайтындықтарын атап өткен.  Бұл принциптерді барлығы ұстануы тиістігіне баса назар аударған.

«Идлибтегі деэскалация аумағындағы ахуал жан-жақты қаралды және 2018 жылдың 17 қыркүйегінде Иблибті тұрақтандыру туралы меморандумды толықтай орындауға дайын екендіктерін қуаттады. Осыған орай соғыс іс-қимылдарын тоқтату режімі бұзылуының жалғасуына алаңдаушылық танытты және соғыс іс-қимылдарын тоқтату режімінің кепілгер елдері ретінде оның сақталуын Иран-Ресей-Түркия бірлескен үйлестіруші орталығының жұмысын жақсарту арқылы да қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерді күшейтетіндіктерін мәлімдеді. Соғыстың тоқтатылуының жалғасуы маңызды екендігін, бұл ретте терроризммен тиімді күресті жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар олар қандай жағдай болмасын аталған деэскалация аймағын құру Сирия  Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен терроиториялық тұтастығын бұзуға жол бермеуі тиістігін көрсетті», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Мұнан бөлек, кепілгер елдер ИГИЛ, «Джабхат ан-Нусра» және «Аль-Каида» немесе ИГИЛ мен байланысы бар өзге де тұлғаларды, топтарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды түбегейлі жою үшін ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін атап өткен. Сирияда химиялық қарудың қолданылуын түбегейлі айыптап, осыған байланысты түскен барлық хабарлама фактілері бойынша Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы тарапынан заманауи әрі кәсіби тексеру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аудартқан.

Сонымен қатар, кепілгер елдер Сирия жөніндегі халықаралық кездесудің 12 раундын Астанада 2019 жылдың ақпан айының басында өткізуге уағдаласқан.

Соңғы жаңалықтар