Кепілдік берілген тегін заң көмегін іске асыру қамтамасыз етіледі - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат заң көмегін көрсету мәселелерін регламенттейтін құқықтық нормаларды бір заңнамалық актілерге жүйелеуге бағытталған.

Жалпы, құжатты қабылдау тегін заң көмегін ұсынудың тиімді жүйесін жасау арқылы Конституцияның 13-бабымен кепілдік берілген тегін білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді. Бұл ретте заң жобасы бойынша барлық мемлекеттік органдардың өздеріне өтініш жасаған кез келген тұлғаға өз құзыреті шегінде құқықтық ақпараттандыру түрінде тегін заң көмегін көрсету мүмкіндігі көзделеді. Бұдан бөлек, осы мәселелер шеңберінде әділет органдары уәкілетті орган ретінде айқындалады. Ал ол тегін заң көмегінің барлық түрлері бойынша бүкіл бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болады. Бұл шара бюджет қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануға және осы жүйені тегін заң көмегін көрсету субъектілерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету арқылы тұтастай жетілдіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар