Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС қаржысы біріктіріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы кепілдендірілмен міндетті тегін медициналық кқмек пен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтерінің қаржы ағынын бір арнаға тоғыстырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында министр Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінде мәлім етті.

«2023 жылы біз халықты МӘМС жүйесіне тарту бағытындағы жұмысты жалғастырып, соның есебінен қаржы түсімін ұлғайтамыз. Сонымен қатар, біз кепілдендірілген міндетті тегін медициналық көмек пен МӘМС-тің қаржылық ағындарын медициналық көмектің тізбесін нақты ажырата отырып, бірыңғай пулға біріктіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2023 жылы біз қаржы ағындарын бүкіл кезеңдерде, соның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы бақылауды қамтамасыз етеміз», - деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, осы аталған шараларды іске асыру нәтижесінде биыл медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру, сондай-ақ мынадай бағыттар бойынша қаржыландыруды ұлғайту және тарифтерді қайта қарау жоспарланған.

«Жедел медициналық көмек 2,5%, жоғары технологиялы медициналық көмек 8%, стационарлық көмек 3%, аралас қозғалыс құрылғылары 7,6%, стационарды алмастыратын көмек 5%, оңалту 13% артады», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар