+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады

2020 жылғы 21 қазан 19:53
Бөлісіңіз:
Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің маманы Алина Әлбекова қазақстандықтар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қандай қызмет түрлерін ала алатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-әлеуметтік жағдайларға байланысты адамның денсаулығына айтарлықтай қауіп төнген жағдайда медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық кеңес беру, психоактивті заттарға медициналық куәландырудан өту және медициналық-әлеуметтік сараптама үшін құжаттар тегін беріледі», - деді Алина Әлбекова онлайн дәріс барысында.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп.

«Көбі барлық медициналық талдау жұмысы МӘМС-ке кіргізілгенін айтады. Шын мәнінде, олай емес. МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп. Зертханалық зерттеу жұмыстарының, диагностикалық зерттеулердің басым бөлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Мысал ретінде қанның биохимиялық талдауын айтуға болады. Бұл талдау арқылы бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өт қабының қалай жұмыс істеп тұрғанын анықтап, қандай микроэлементтерді қажет ететінін анықтауға болады», - дейді маман.

Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында флюорография, спирография сияқты зерттеу әдістерін қоладнуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT