Кепілдендірілген азық базасы жоқ мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз - министр
2022 жылғы 17 мамыр 11:05

Кепілдендірілген азық базасы жоқ мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мал шаруашылығын дамытудың тұрақтылығы мен орнықтылығын арттыру үшін бірқатар іс-шара қабылданады. Ең алдымен - жем-шөп өндірісін дамыту жөніндегі жол картасында көзделген барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Мал шаруашылығы бойынша субсидия алушылар үшін субсидиялау тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар аясында жемшөп өндірісі бойынша қуаттардың және ауыспалы егісте жем-шөп алқабының болуы бойынша міндетті талаптар енгізілетін болады. Кепілдендірілген азық базасынсыз жұмыс істейтін мал шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау орынсыз деп санаймыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, бақылаушы органдардың ұсынымдарына сәйкес субсидиялаудың қазіргі көптеген бағыттары жүйелендіріледі және оңтайландырылады.

«Бұл ретте ғылыми негізделген нормаларды ескере отырып, субсидиялау нормативтері қайта қаралатын болады», - деді Ербол Қарашөкеев.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT