Кенжеғали Сағадиев қазақстандық парламентаризмнің дамуына зор үлес қосты - Нығматулин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекет және қоғам қайраткері, академик, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің III және IV шақырылым депутаты Кенжеғали Әбенұлы Сағадиевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Мәжіліс депутаттарының және өз атымнан академик К.Ә. Сағадиевтің отбасына көңіл айтамын. Халықтың құрметіне бөленген біртуар тұлға - Кенжеғали Әбенұлы Тәуелсіз Қазақстанның, оның ішінде парламентаризмнің дамуына ерекше үлес қосты. Оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталады» - деп жазды Мәжіліс Төрағасы Twitter парақшасына.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Кенжеғали Сағадиевтің еліміздің ғылым саласына елеулі үлес қосып, өзінің еңбек жолында бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар айқын із қалдырғанын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар