Кентукидегі су тасқыны: 30 дам қаза болып, жүздегені жоғалып кетті

None
None
КЕНТУКИ. ҚазАқпарат – Американың Кентуки штатында соңғы он жылда болған ең ірі су тасқысы салдарынан 30 адам қаза болып, жүздегені із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Нөсерлі жауыннан болған тасқындар өткен аптаның ортасында басталды. Кентукидің жекелеген аудандарында бір тәулікте 20 см астам жауын түсті.

Уайтсбург қаласындағы Кентуки өзенінің деңгейі бірнеше сағатта 6 метрге көтерілді. 12 мыңнан астам үй шаруашылығы жарықсыз қалды, жүздеген үй мен кәсіпорын су астында қалды.

Ұлттық метеорология қызметінің ауа райын болжау орталығы Кентукидің шығыс және орталық бөлігінде су тасқыны қаупі сақталып отырғанын ескертті.

Штат билігі мен құтқарушылар қаза болғандар саны артатынын айтуда. Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Себебі оларды жүздеген метрлерге ағын алып кетуі мүмкін.

«Бұл тарихта болмаған ең дүлей әрі адам шығыны көп болған су тасқыны. Құтқару жұмыстары жүріп жатқан қазірдің өзінде жаңбыр толастаған емес», - деді штат губернаторы Энди Бешир «Эн-би-си» телеарнасына берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар