Кентаулықтар Түркістанның гүлденуіне ерекше үлес қосуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласын көркейтіп, көгалдандыру мақсатында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен шаһар 32 секторға бөлініп, аудандық және қалалық әкімдіктер мен облыстық басқармаларға жүктелген. Соның қатарында 7-ші секторға Кентау қаласының әкімдігі бекітіліп, бұл аумаққа 7 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентаулықтар жас көшеттерге минералды тыңайтқыштар беріп, тиісті күтім жасауда. Сондай-ақ, ағаштарды тұрақты түрде суғарып тұру үшін арнайы ұңғыма қазылуда. Алдағы уақытта мұнда тағы тамшылатып суару жүйесі енгізілмек. Мұндағы көшелердің жалпы ұзындығы 8,2 шақырымды құрайды. Онда 50-ге жуық жұмысшы мен 6 техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Кентау қаласының әкімдігі Түркістан қаласының «Ақ мақта» шағын ауданында футбол алаңшасы мен балаларға арналған спорттық воркаут сыйға тартқан болатын. Сондай-ақ, Б.Майлин көшесіне 1200 метр аяқ жол мен асфальт төселген. 14 дана орындық пен 14 дана қоқыс жәшік, 10 дана жарықшам қойылған. 1500 шаршы метр жерге шым (газон) егіліп, 2 аялдама ел игілігіне тапсырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар