+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Кентаулық көпбалалы әке «Бақытты отбасы» арқылы баспаналы болды

2020 жылғы 14 қаңтар 14:53
Бөлісіңіз:
Кентаулық көпбалалы әке «Бақытты отбасы» арқылы баспаналы болды

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Кентаулық көпбалалы үйелмен «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 43 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар «Бақытты отбасы»: Биыл елордада 2 мыңға жуық баспана беріледі 2020 жылы көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 327 млрд теңге бөлінеді

Асылжан Ниязов - Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын көпбалалы əке. Ол «Түркістан облыстық мемлекеттік сақтандыру қорында» қызмет етеді. Бүгінде ол жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Отағасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы Кентау қаласынан үш бөлмелі пәтер сатып алып, жаңа қоныс иесі атанды.

Көпбалалы отбасы өз баспанасын 10 млн теңгеге сатып алған. Енді несие бойынша ай сайынғы төлем - 53 мың теңге.

Асылжан Ниязовтың айтуынша, баспана кілтін 2019 жылы 30 желтоқсанда алған.

«Біз көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелдік. Өз баспанамыз болмағандықтан, ата-анамызбен бірге тұрдық. «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында Кентау қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Қоныс тойымызды да атап өттік. Бұл - біз үшін айтып жеткізе алмайтын үлкен қуаныш. Осы бағдарлама болмағанда, өздігімізден тұрғын үй мәселесін шеше алмас едік. Өйткені, спорт мектебінде жұмыс істейтін жолдасым бала күтімінде. Ал менің табысым отбасын асыраудан артылмайтын», - дейді баспана иесі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT