Кентаулық кәсіпкер жерлестеріне 18 тонна көкөніс үлестірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласында кәсіпкер жерлестеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кентау қаласының тумасы, кәсіпкер, Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының төрағасы жерлестеріне қияр және қызанақ жөнелтіп, қолдау көрсетті. Осындай қиын сәтте жерлестеріне демеу болған Абдиашим Закирұлының 18 тонна тартуы мұқтаж кентаулық 5 500 тұрғынға үлестірілуде. Оның 4 650-і - мүгедектер мен жалғыз басты қарияларға, 750-і - атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға таратылуда.

Кәсіпкер алдағы уақытта тағы да көмек қолын созуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар