Кентауға Түркиядан делегаттар келді

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов бауырлас Түркия елінен келген профессор, доктор, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі Женгиз Томар бастаған делегаттарды қабылдады. Кездесуде тараптар екіжақты қарым-қатынастар мен білім жүйесін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан мен Түркия бауырлас ағайынды ел. Түркістан облысына жақын орналасқан Кентау қаласының болашағы зор. Сондықтан екі ел арасында өзара тиімді өндірістік, инвестициялық ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен перспективалар болатынына сенімдімін. Біз бірлескен жобаларды іске асыру үшін толық қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді қала басшысы.

Басқосуда білім саласы да кеңінен талқыланды. Тараптар тек жоғары оқу орындарында ғана емес, орта білім ошақтарына да білікті мамандарды тарту мәселесін сөз етті. Екі жақты білім жүйесін дамыту жайы қамтылды.

«Қазақстан елі біз үшін өзге ел болып саналмайды, мұнда біз өз ағайнымыздың елінде жүргендей сезінеміз. Қазақстан өркендеп дамып жатса, Түркия елі де дами түседі деген сөз. Біз қай салада болмасын, Қазақстандық ағайындарды қолдауға әзірміз», - деді ректор өкілі Женгиз Томар.

Соңғы жаңалықтар