Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйлер жаңартылады

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14 үйдің қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 30 көпқабатты үйді күрделі жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы қарастырылды.

Қазіргі таңда қаржы бөлінуіне байланысты ұйымдық жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 2019 жылдың шілде айының 3-онкүндігінде аталған 30 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіледі. Шатырасты ағаш конструкциялы және профнастил жабындымен ауыстыру, сыртқы подъезд есіктерін металл код құлыптарына ауыстыру, кіреберіс ағаш терезелерін ПВХ материалдарына ауыстыру, подъезд жөндеу, су, кәріз, жылу құбырларын жөндеу, фасад бойынша бір қабатты штукатур және бояу жұмыстары қолға алынбақ. Нәтижесінде үйлер заман талабына сай жаңғыртылады. Үйлерді жөндеу барысында тұрғындарға 3 түрлі нұсқа ұсынылып, таңдалған нұсқа бойынша жұмыстар атқарылады.
null null

Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға тіркелген.

Айта кетейік, 2020 жылы 74 үй, 2021 жылы 73 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізіледі. Енді әр жылы жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер жаңа кейіпке енетін болады.

null

Соңғы жаңалықтар