+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар бүлдіршінді қағып кетті

2018 жылғы 17 мамыр 12:28
Бөлісіңіз:
Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар бүлдіршінді қағып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып кетіп, бүлдіршін қайтыс болды. Қайғылы жағдай кеше түстің кезінде Кентау қаласында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қалалық полиция бөліміне хабар сағат 14:30 шамасында түскен.

«16 мамыр күні Кентау қаласында жедел жәрдем көлігі 2 жастағы қызды қағып кетіп, ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында жан тәсілім еткен. Қалалық ІІБ қызметкерлері «Хюндай Старекс» маркалы көлікте кезекші жүргізуші болғанын анықтады. Ол көлігімен артқа жүремін деп, баланы соғып кеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, анықтау шаралары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT