Кентауда жаңа жылу электр орталығы салынуы мүмкін

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласында жаңа ЖЭО салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық кеңес отырысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сәкен Далиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, әзірге жылу энергоорталыққа қатысты екі жоба жасалған. Оның бірі - жылу орталығын табиғи газға қосу, ал екіншісі - жаңа жылу энерго орталығын салу.

«Алдағы уақытта аталған мәселе бойынша түбейгейі шешім қабылданатын болады»,-деді басқарма басшысы.

Кентаудағы №5 жылу энергия орталығы 1934 жылы салынған. Мамандардың сөзінше бүгінде мұндағы негізгі материалдық жабдықтардың 85 пайызы тозған.

Қазіргі кезде аталған жылу энерго орталығының қызметін 14 мың абонент тұтынып отыр.

Оның ішінде 347 көпқабатты тұрғын үй, 2000 астам жеке сектордағы тұрғын үйлер мен 106 бюджеттік мекеме, 441 коммерциялық нысан бар.

Айта кетейік, бұдан алдын Кентаудағы жылу орталығы жабдықтарының 85 пайызы тозғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар