+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Кентауда ұлы Абайға ескерткіш орнатылды

2020 жылғы 6 шілде 15:51
Бөлісіңіз:
Кентауда ұлы Абайға ескерткіш орнатылды

КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысының Кентау қаласында қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай еңселі ескерткіш орнатылып, ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде «Абай жолы» жаяу жүргіншілер көшесі пайда болады Абай шығармаларын 10 тілге аударған мамандар мен баспалар белгілі болды Тынысбек Бөпішбай: Абайдың портретін құрау үшін 600 Рубик кубигі мен 5 сағат қажет болды

Биіктігі 4,5 метр ескерткіш 3 метрлік тұғырға орнатылған. Жалпы биіктігі 7,5 метр, салмағы 3 тонна. Ескерткіш қала орталығындағы Абай даңғылы бойында орналасқан. Авторы мүсінші – Бауыржан Жалын.

«Елорда күніне орай Кентау қаласында бірнеше нысан ашылып отыр. Соның арасында шоқтығы биігі биыл мерейтойы аталып жатқан қазақтың мақтанышы, ұлы данышпаны Абайға арналған ескерткіштің ашылуы. Бұл нысанның кентаулықтарға, жастарға идеологиялық, тәрбиелік мәні зор. Осында кентаулық жастар ақынның өлеңдерін, қара сөздерін оқитын болады. Бүгін қалада ашылған жаңа нысандар елдің игілігіне жарай берсін. Баршаңызды елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.


Сондай-ақ, салтанатты шараға Кентау қаласының әкімі Д.Мақажанов, кентаулық зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар қатысып жылы лебіздерін жеткізді. Жас ақындар ұлы ақынға арнап арнау оқыды.

Елорда күніне орай, Кентау қаласында «Ұстаздар аллеясы» ашылды. Жаңа нысан ұстаздар құрметіне арналып отыр. Сонымен қатар, Еріктілер жылына орай шаһардағы «Жастар саябағы» күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Онда велотрек, теннис корты, футбол және баскетбол алаңдары бар. Алдағы уақытта саябақ жастардың басын қосатын орынға айналмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT