Кентауда төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен тұрғын ұсталды

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласының полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимі кезінде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары полиция бөліміне жүруді өтінген кезде, ол полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп бұзушы билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған. Тіпті күш қолданып, қарсылық танытқан. Бұл көрініс «ватсап» мессенджері арқылы тарап кеткен. Оқиға орнына жеткен Кентау қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы күдіктіні қолға түсірді. Тұлғасын анықтау барысында ұсталған азаматтың бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталғаны белгілі болған.

«Аталған жайт СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану« бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар