Кентауда теріс діни ағымды ұстанатын тұрғын ауласында есірткі өсірген

Фото: None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында деструктивті діни ағым жақтаушысынан сора есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиця департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Оның барысында есірткі затын сатады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ол - деструктивті діни ағымның жақтаушысы ретінде тіркелген Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Жедел уәкілдер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізіп, оның үйінің ауласынан биіктігі 30-40 см болатын есірткіге ұқсас 17 түп өсімдікті тауып, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, айғақ ретінде алынған шөп құрамында есірткісі бар «сора» болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады.


Соңғы жаңалықтар