Кентауда облыстық газеттің жүлдесі үшін қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Кентау қаласында қазақ күресінен дәстүрлі жарыс ұйымдастырылды. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін өткен турнирге құрамында 85 спортшы бар 11 команда қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Данияр Исабаев турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Самат Расұл мен облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Жүнісов турнирдің ұлттық спорт саласындағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар ардагер журналист Байдулла Қонысбек пен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Жарылқасын Оңалбек турнирдің тарихына тоқталып өтті.

Балуандар боз кілемде 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. 82 келіден жоғары салмақтағылар «Түйе балуан» атағына таласты. Тартысты өткен белдесулердің қорытындысы бойынша Шардара ауданынан келген Қайсар Шамшидинов «Түйе балуан» атанды. Оған «Нексия» автокөлігінің кілті табысталды.

Соңғы жаңалықтар