+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады

2019 жылғы 20 сәуір 06:11
Бөлісіңіз:
Кентауда құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылында құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашық ауылдық округіндегі «Тұран» шаруа қожалығында жіп өңдейтін және мақта май цехы мен сүт өңдейтін цех жұмыс істейді. Қожалықтың сүт зауыты сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады. Кәсіпорын тәулігіне 40 тонна өнім өңдеуге қауқарлы. 15-16 тонна сиыр сүтін қабылдап, одан сүт өнімдерінің барлық түрін шығарады.

Аталмыш шаруақожалық 1994 жылы құрылған.

Кәсіпорында сонымен қатар, тамшылатып суаруға пайдаланатын құбыр цехы жұмыс істейді. Шаруа қожалығы жыл сайын 30 миллионға дейін табыс табуда. Жоғары деңгейдегі элиталық шитті тұқымын жылына 430 тоннаға дейін жеткізіп отыр. Қожалық иесі 2018 жылы 413 гектар жерге шитті мақта өнімдерін егіп жоғары өнім алғанын айтуда.

«Алдағы уақытта Германия мемлекетінде орналасқан «Textima Export Import GmbH» фирмасынан жалпы құны 3 миллион АҚШ доллар тұратын жіп иру жабдықтарын әкеліп орнатуды жоспарлап отырмын. Шаруа қожалықта арнайы техникалар тұратын орын бар. Бүгінгі таңда 23 трактор, оның 4 МТЗ - 1221 және 3 John Deere мақта жинау комбайны бар. Құрғақ сүт өңдейтін өндіріс цехының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір оған қажетті халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қондырғылармен жабдықталу үстінде. Таяу күндері іске қосылатын болады», - деді «Тұран» шаруа қожалығының төрағасы Хабибулла Азимов.

«Тұран» шаруақожалығы 50-60 жас аралығындағы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Биыл қожалық 170 бас Симментал тұқымды сиыр өсіруді қолға алған. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін және сүт өнімдерін арттыру мақсатында ІҚМ-ды кәсіпкер ауыл тұрғындарына несие жолымен көмек беріліп жатыр. Ал, тұрғындар болса, малдың құнын кәсіпкерге 3 жылдың ішінде сүт арқылы өтеп беретін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT