Кентауда көше тазалаушылар тосыннан марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Қала тазалығын қамтамасыз ететін жандар Алғыс хаттар мен арнайы төсбелгілерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кентау қаласында еңбек адамдары арнайы марапаттарға ие болды. Тосыннан берілген Алғыс хаттар жұмысшылардың мерейін өсіріп, қуанышқа кенелтті.

«Нағыз еңбек адамдарын марапаттау үшін арнайы мереке күндерін тосудың қажеті жоқ. Себебі, бұл адамдардың жасаған еңбегіне әр күні алғыс айтуымыз керек»,-дейді қала әкімі Рашид Аюпов.

Марапат алғандардың ішінде қаланың көгалдандыру, абаттандыру және тазалық саласында қызмет істеп жүрген жұмысшылар бар. Олардың біразы «Алғыс хат» алса, біршамасы «Кентау қаласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісіне ие болды.


Соңғы жаңалықтар