Кентауда коронавирус жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат –Кентау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 әйел аман-есен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, аналардың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызының сөзінше, калалық орталық ауруханадағы жағдай тұрақтала бастаған. Бұған дейін жедел жәрдеммен тәулігіне орташа есеппен 50-60 адам жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш 10/15-ке дейін азайған.

«Бүгінде ауруханамызға дәрілер толығымен жеткізілді. Қазір екі айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Тұрғындар тек талаптарды қатаң сақтауы керек. Сол кезде ғана бұл індетті толық жеңіп шыға аламыз. Қазір орталыққа емханадан және «Жансая» шипажайынан дәрігерлер көмекке келіп, ауруханада кезекшілікке түсіп жатыр», - деді Гүлбану Жұмағалиқызы.


Бас дәрігер сонымен қатар, санитарлық тазалықты сақтау керектігін ескертеді. «Әр адам өз денсаулығын ойлап, көпшілік жүретін жерлерде қашықтықты сақтағаны жөн. Үнемі қолды да жуып жүруі керек. Бетперде тағу міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы келген видеоларға емес, нақты дәрігерлердің кеңесіне жүгінген дұрыс».



Соңғы жаңалықтар