+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Кентауда «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды

2019 жылғы 22 қазан 14:45
Бөлісіңіз:
Кентауда «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының 2000 жылдығына орай «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ICOM аясындағы жұмыстар жаңғыртылады Алматыда Шәкен Айманов атындағы қазақ киносының музейі ашылды Түркістанда музей қызметкерлеріне арналған курс басталды

Тарихи жәдігерлер сақталған нысанның ашылу салтанатына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев пен музей ғимаратын салған демеуші Хабиббулла Азимов, Кентау қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Мұрат Абдуллаевтар пен қала тұрғындары қатысты.


Жаңа музей Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қарашық ауылдық округі әкімдігінің бпастамасымен ашылды. Салтанатты шарада Қазақстанның әр өңірінен келген тарих, археология, этнография, философия, филология, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің, ғылыми-зерттеу институттары және орталықтарының қызметкерлері құттықтау сөз сөйледі.

«1999-2003 жылдар аралығында Қарашық ауылдық округінің ауылдарын кезең-кезеңімен зерттеу барысында көптеген тарихи деректер анықталды. Қазба кезінде табылған пішіні ерекше керамикалық заттардың қолданылу кезеңі терең зерттеуді қажет етті. Одан өзге де жәдігерлер тарихи дәлелдерді нақтылап берді. Халық түрлі жағдайларға байланысты Қарашық-1 жерінен Қарашық-2-ге, одан кейінгі кезеңдерде Қарашық-3 ауылына қарай қоныс аударып отырғаны да белгілі болды. Б.э.д. VI-V ғасырдан б.з. II-III ғасырларды қамтитын жәдігерлер Қарашық тарихы бертінде қалыптасқан деген пікірлерді жоққа шығарды. Музейге қойылған экспонаттар да ертеден бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар, егіншілік пен ағаш, темір ұсталығымен айналысқан жергілікті халықтың атадан - балаға мирас кәсібін айқындайтын заттары да музейден орын алды»,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Марат Тұяқбаев.


Айта кетейік, тарихи-этнографиялық музейге көне Қарашық қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер мен тарихи дүниелер қойылған. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңдерді қамтитын эскпонаттар саны 2000-ға жуықтайды. Қарашық ауылының 2000 жылдық тарихын тереңдей зерттеп, анықтаған ғалымдардың бірі - Марат Тұяқбаев.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT