+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Кентауда газ баллоны жарылып, 14 жасар қыз зардап шекті

2019 жылғы 15 қазан 10:50
Бөлісіңіз:
Кентауда газ баллоны жарылып, 14 жасар қыз зардап шекті

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Кентау қаласы маңындағы жер үйде газ баллоны жарылып, артынша өрт тұтанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда балалар Іле Алатауы паркін өртеп жібере жаздады Семейде он пәтерлік үй өртенді Көкшетау университетінде өрт шығып, 2,4 мыңға жуық адам эвакуацияланды

Апат салдарынан 14 жасар қызды күйік шалған.

«14 қазан күні 11:16-да Түркістан облысының Кентау қаласынан 20 шақырым жердегі Жүйнек ауылында уақытша тұру үшін салынған үйде газ баллоны жарылып, 32 шаршы метрді жалын шарпыды», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер жалынды 12:28-де өшірді. 2005 жылғы қыз күйік шалып ауруханаға жеткізілді.

Қолда бар дерекке сүйенсек, апаттың себебі – газ баллоны редукторында ақау болған.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД 7 қызметкері және 2 техника жұмылдырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT