+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Кентауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

2020 жылғы 29 қараша 18:56
Бөлісіңіз:
Кентауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы бойынша 40 жоба іске асырылды СҚО-да шаруа қожалығы балдыр өсіріп, жемазық ретінде қолдануда Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады

Қаладағы 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорында 28 млрд теңгенің өнімі өндірілген.

Қала әкімі Дәурен Мақажановтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар мен облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны 13,7 млрд теңгеге 8 жоба енгізілген.

Тағы 4 жоба толығымен іске асырылған. 2020-2022 жылдары қала бойынша 4 инвестициялық жоба іске асуы жоспарлануда. Ал, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 10 ай қорытындысымен 4 млрд теңгеге инвестиция тартылған.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін құру» жобасы бойынша 6 ауылдық округте 10 ауылшаруашылық өндіріс кооперативі құрылып, оған 1269 шаруа қожалығы тартылған.

«Қалада халық саны - 208 170. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 89 586 адамға жетіп отыр. Биыл табысы кедейлік шегінен төмен 2501 отбасы мен 13 364 адамға 900 млн теңгеге жуық көмек тағайындалып, 10 айда 760 млн теңге төленген. Сондай-ақ, тұрғындар игілігі үшін ағымдағы жылы жалпы алаңы 20734,8 шаршы метрді құрайтын 134 жекеменшік тұрғын үй пайдалануға берілді. 60 пәтерлі он тұрғын үй пайдалануға берілуге дайын. Дегенмен, 600 пәтер өз иесін күте тұрады. Себебі, газ жүйесі тартылғаннан кейін кентаулық отбасылар қоныс тойын тойлайды», – деді Дәурен Сәбитұлы.

Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласында тұрғын үй кезегінде төрт мыңнан аса адам тұр. Алайда биыл бір де бір тұрғынға баспана берілмеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT