Кентауда әлеуметтік желіге пікір жазған тұрғын аяусыз соққыға жығылды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Кентауда әлеуметтік желіге пікір жазған тұрғын аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция бөліміне оң қолы кесіліп, қан тамыры зақымданған ер адамның ауруханаға түскені туралы хабар берілген.

«Жәбірленуші өз арызында танысы екеуі әлеуметтік желіге жазған пікірі үшін түсінбеушілік орнап, төбелесіп, салдарынан дене жарақатын алғанын жеткізген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бойынша тіркелді», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар