Кентауда 900-ге жуық отбасы баспанамен қамтылады

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Кентау қаласында 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900-дей жанұя баспанамен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын.

Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі №9Б және Ш.Уәлиханов көшесіндегі №136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі №116 тұрғын үйідің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Д.Қонаев көшесіндегі №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі - 15 пәтер, 2 бөлмелі - 15 пәтер, 3 бөлмелі - 30 пәтер бар.

Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталуда. Пәтер саны - 600, жалпы ауданы - 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылы аяқталуы керек.

Айта кетерлігі, Кентау қаласында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 7 294 шаршы метр.

Соңғы жаңалықтар