Кентауда 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысы Кентау қаласында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 мамыр мерекесіне орай Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді. Жалпы құны 100,367 млн теңге болатын жоба аясында 25 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды. Жан-жағы абаттандырылып, орындықтар, көлік тұрағы мен қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейне камералар қойылды.

Іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиеа және ақсақалдар көпшілікті мерекемен құттықтады.

Жалпы, «Көктөбе» аймағы қала көшелерімен есептегенде 540 метр биіктікте орналасқан. Сол тұстан қаланың барлық аймағын еркін тамашалауға болады. Бүгінгі таңда, қала әкімдігі тарапынан демалыс аймағының маңайына мейрамхана, қонақ үйлер салуға инвесторларды тарту жұмысы жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар