Кентауда 168 адам астан уланып қалды

None
КЕНТАУ. қазАқпарат - Түркістан облысында 168 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Олар 6-9 қазан аралығында Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының бірінен тапсырыспен суши, пицца, фри және чикен алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инфекцияның нақты қандай тағамнан шыққаны әзірге белгісіз. Барлық тағамнан зертханалық сынамалар алынды. Қазір осы жәйттен кейін қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кентау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен полиция бөлімі аталған нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәсіпкердің қажетті санитарлық құжаттары мен аспаздардың медициналық тексеруден өткені туралы анықтамалары жоқ болып шыққан.

Айта кетейік, биылғы айында дәл осы дәмхандан фаст-фуд тағамдарын жеген 8 адам астан уланып, ауруханаға түскен болатын.

«Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық деңгейде тексерілуге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына 67 науқас жіберілді. Оның ішінде 5 жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы бүгінгі таңға орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйлеріне жіберіледі», - дейді Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.


Соңғы жаңалықтар