Кентау тұрғыны Ресейден жұмыс тауып берем деп 15 адамды алдап соққан

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының тұрғыны Ресейде жұмысқа тұрғызамын деп 15 адамды алдап соққан. Күдікті осылайша алданған тұрғындарға 1,5 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктіні ұстауға жергілікті тұрғындардың арызы негіз болған. Олар белгісіз біреудің Ресей Федерациясына апарып, жұмыспен қамтуға көмек беремін деп уәде еткенін айтқан. Сөйтіп 50-100 мың теңге аралығында ақша алып, артынша ізін суытқан. Осы қылмысты ашу мақсатында Кентау қаласының ПБ қызметкерлері жедел-тергеу іс-шарасын жүргізді.

«Жәбірленушінің айтуымен құрастырылып жасалған фоторобот негізінде жедел уәкілдер алаяқтың ізіне түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Осы жайт бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар