Кентау қаласының бұрынғы әкімі пара алғаны үшін он жылға бас бостандығынан айырылды

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Кентау қаласының бұрынғы әкімі М-ға және пара беру мен алу фактісі бойынша делдалдықпен айналысқан Б. және Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы М. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ЖШС директорына «қамқорлық» жасағаны үшін одан мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік шартынан 50 млн. теңге көлеміндегі қаражатты беруге мәжбүрлеген. Осыдан соң заңсыз сыйақыны алу үшін өзінің таныстары, ақшаны алу барысында ұсталған Б. және Т-ны қылмыстық әрекетке тартқан.

Сотталушылар сотта өздерінің кінәларын мойындаған жоқ.

Жаза тағайындау кезінде сот сотталушы Т. және М-да жас балаларының болуы және сотталушы М-ның қылмысын ашу мен тергеуге белсенді ықпал еткені үшін оларға жеңілдетілген жағдайды, сондай-ақ, сотталушы М-ның мемлекеттік қызметшілер антын бұзғаны үшін кінәсін ауырлататын жағдайды ескерді.

«Сот үкімімен М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салынып, қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Б. пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды және қауіпсіздігі ең төмен қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Т. пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды және қауіпсіздігі ең төменгі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде 1 жыл, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық соттан.

Бұған дейін Кентау қаласының әкімі 100 мың долларға жуық парамен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/100-myn-dollarga-zhuyk-para-aldy-dep-ayyptalgan-kentau-kalasynyn-akimi-ustaldy_a3904524

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласын басқарған Дәурен Махажановтың қылмысы дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екеін айтқан болатын.

https://kaz.inform.kz/news/kentau-akiminin-kylmysy-daleldense-otstavkaga-ketuge-dayynmyn-omirzak-shokeev_a3944784


Соңғы жаңалықтар