Кентау қаласының әкімі тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Тасов Жандос Қалмырзаұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандос Тасов 1987 жылдың 22 қаңтарында Түркістан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2013 жылы «Градкомплекс» ЖШС архитекторы болып бастаған.

2013-2014 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы, Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы, 2014-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. 2017-2018 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, 2018-2020 жылдар аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімнің басшысы болған. 2020-2021 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімнің басшысы болып еңбек етті.

2021 жылғы 19 ақпаннан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.


Соңғы жаңалықтар