+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берілмек

2020 жылғы 16 қыркүйек 12:15
Бөлісіңіз:
Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берілмек

КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласында жыл соңына дейін 600 отбасыға баспана берімек. Бүгінде шағын қалада 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада заңсыз пәтер сатқан құрылыс компаниялары жауапқа тартылды «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беру басталды Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды

Іргетасы өткен жылы қаланған үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл баспаналар жыл соңында, қаланың 65 жылдық мерейтойына орай мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға берілмек. Сондай-ақ, түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға тапсырылады деп күтілуде.

«Жалпы саны 600 пәтері бар үйлердің аумағы 33240 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларымен тұрғындарға арналған демалыс орындарымен қамтылатын болады», – дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Алдыбаев.

Қалада сонымен қатар 25 пәтерден тұратын 96 тұрғын үйдің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленіп отыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, жаңа баспаналар 15 шағын ауданда бой көтереді деп жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT