Кентау қаласында «Алтын күз» шарасы өтті

None
None
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Кентау қаласында «Алтын күз» шарасы өтті. Айтулы іс-шара  ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған жәрмеңкеден бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде түрлі көкөністер арзандатылған бағада сатылды. Мұндағы тауар бағасы базардағыдан 10-15 теңгеге арзан саудаланды. Жәрмеңкеде қалаға қарасты ауыл және ауылдық округінің шаруа қожалықтарының өнімдері сатылымға шығарылды. Мұнан кейін айтулы шара концерттік бағдарламаға ұласты. Жиында қала әкімі Даурен Махажанов сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады. Экономикаға серпін беретін жобалардың арқасында ауыл шаруашылығы құрылымдары ағымдағы жылы 47 миллиард теңгенің өнімдерін өндірген. Биыл 48 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 1400 гектар жер тамшылатып суғару әдісімен игерілген. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында 2022 жылға дейін еңбек өнімділігін 2 жарым есеге өсіруді, жаңа инновациялық технологиялар мен жаңа әдістерді ендіре отырып, жұмыс сапасын арттыруды тапсырған болатын. Сол әдістерді қолдана отырып, біз ауыл шаруашылығы өнімділігін дамытуымыз керек»,-деді қала әкімі. Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қала аумағында жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл әдіс арқылы шаруалар ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін де арттыруға ықпал ете алады.
Соңғы жаңалықтар