Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылғы 14 қаңтар 17:35 458
Бөлісіңіз:
Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев жаңа қызметке тағайындалды Павлодар облысының Аққулы ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін облыс əкімі Кентау қаласындағы мəслихат мүшелерімен кездесті. Ғани Құрмашұлы Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуде артылған сенімді ақтауға уəде беріп, облыс басшысы жүктеген тапсырмаларды орындап, шаһардың көркейе түсуіне барынша атсалысатынын жеткізді.

Ғани Құрмашұлы 1962 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласында туған.


Кентау қаласына жаңа әкім тағайындалды Еңбек жолын 1979 жылы Түркістан қаласында Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған.

1980-2015 жылдар аралығында Түлкібас жеміс-жидек зауытының жұмысшысы, Целиноград облысы Балхаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы жастар ісі спорт және туризм басқармасының бастығы, Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып қызметтер атқарған.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT