Кентау экологиялық туризмнің жауһарына айналады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Кентау қаласы Қаратау қорығының жанындағы Хантағы туристік нысаны аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ.

Қазіргі таңда аймақта жаңа жобалар дайындалып, олар әлеуетті инвесторларға ұсынылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 230 га жер телімі анықталып, оның 50 га жерінде туристік инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Бұл Кентау қаласының инвестициялық мүмкіндіктерін, туристер мен келуші қонақтардың санын арттыруға және жаңа туристік бағыттарының дамуына тың серпіліс бермек.

Жалпы, Қаратау қорығының аумағы 34 мың гектар. Онда Қазақстан қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жан - жануарлар мекен етеді. Кентау қаласы әкімдігі биыл Хантағы туристік аумағына апарар 8 км жолды реттеп, вело-жолақ салып, жарықтандырмақ.


Соңғы жаңалықтар