Кеншілер мен металлургтер корпоративтік мәдениетті дамытуы керек – Әділбек Сәрсембаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеншілер мен металлургтер корпоративтік мәдениетті дамытуы керек. Мұндай пікірді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адами ресурстарды дамыту және адам капиталына үлес қосу мемлекет үшін де, бизнес үшін де прогрестің маңызды буыны болды және болып та қала береді. Бүгінде адам капиталы адамзаттың негізгі жетістіктерінің орталық ресурстық парадигмасы саналады. Біздің салада геологтар, кеншілер мен металлургтар үздік базалық құзыреттерімен қатар тиімді жұмыс істеуді арттыруға және оның нәтижесіне жауапкершілікке бағдарланған корпоративтік мәндениетті дамыту қажет», - деді вице-министр елордада өтіп жатқан Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі барысында.

Сонымен қатар ол жаңа цифрлық шындыққа да бейімделу қажеттігін баса айтты.

«Цифрлық трансформация, қарқынды өзгеріске ұшырап жатқан өмір жағдайына бейімделу, жасанды интеллектіні қолдану арқылы өндірістіу процестерге бақылау және мониторинг жасау – мұның барлығы бүгінгі өмірдің шындығы. Сондықтан бізге Индустрия 4.0-ге көшу арқылы технологиялық процестерді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет», - деді Әділбек Сәрсембаев.


Соңғы жаңалықтар