Кеншілер Қарағанды шахтасындағы трагедия туралы айтып берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасында метан газынан уланып, ауруханаға жеткізілген кеншілер апат болған кездегі соңғы сәттерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеншілер Александр Иванов, Аят Тұрсыбеков пен Валентин Шаповалов токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олар апат болған ауыр түнді күрсіне еске алды. Жер асты жұмыстарында 36 жылдық тәжірибесі бар электрослесарь Александр Иванов улы газдың күтпеген жағдайда тарағандығын айтты.

«Сол күні мен түнгі ауысымда едім. Улы газ шыққан жерден сәл алыстау жерде болдым. Бұл жайт менің өмірімді құтқарып қалды. Менің басым айналып, құсқым келген жоқ. Бірден эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Жердің үстіне шыққаннан кейін өзімді өте нашар сезіндім», - дейді Александр Геннадьевич.

Александр Геннадьевичпен бір палатада жатқан тағы бір кенші Валентин Шаповалов.

Валентин шахтада шебер болып қызмет істейді. Ол сол түні газды реттеу тетігінде мәліметтердің болмау жағдайларын анықтау үшін авариялық бөлікке құтқарушылардан бұрын келген.

Оны автоматты газды қорғаныс операторы жағдайды біліп келуге оқиға орнына жұмсайды.

«Шахтада ештеме көрінбеді, шаң қатты басып кеткен. Мен апат болған жерге жақындаған сайын, аяқ басуым қиындай түсті. Құрылғы шкаласы метан деңгейінің өте жоғары екендігін көрсетіп тұрды. Ол жерде 70 пайыз газ болды. Мен оқиға орнына жақындаған сәтте Максим Шебановтың өлі денесін таптым. Сосын ара қарай жүріп барып Рустам Ахметжанов пен Валерий Руденконың денелерін көрдім. Екеуі қатар жатты, - дейді шебер Валентин Шаповалов.

Сосын шебер жоғарыға көтеріліп кеншілердің мерт болғандығын айтқан.

Бір өлімнен аман қалған кеншілер толық жазылып шыққаннан кейін сүйікті, бірақ аса қауіпті жұмыстарына қайта оралатындықтарын айтты.

Еске сала кетейік, 31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенеттен метан газы тараған болатын. Оқиға кезінде шахтада 132 адам болған, оның 129-ы апатты жою жоспарына сәйкес өздері жердің бетіне шыққан. Метанмен уланған 3 жұмысшы емханаға жатқызылды.  

Шахтада газдың таралуынан тағы 3 кенші мерт болды .

Соңғы жаңалықтар