+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

«Кеңсесі бар» жігіт елордалықтарды ерекше сценариймен алдап келген

2019 жылғы 18 қараша 11:38
Бөлісіңіз:
«Кеңсесі бар» жігіт елордалықтарды ерекше сценариймен алдап келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өзін ірі бизнесмен ретінде көрсетіп, қымбат ұялы телефон сатушыларын алдап келген 28 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ол интернет-сайттарда ұялы телефондардың ең жаңа үлгісін сататындарды көздеген. Күдікті өзін қалталы сатып алушы ретінде көрсетіп, кездесуді кеңсесінде өткізу туралы келісіп отырған. Ал кеңселерді интернеттегі жарнамалар арқылы тапқан. Оны жалға алатын болып, кеңсе мекенжайына келген. Сол уақытқа ұялы телефон сатушысын да кездесуге шақырған. Кеңседе алаяқ жәбірленушілердің сеніміне кіріп, өзінің сәтті бизнесі туралы ертегіге сендіріп, ұялы телефон сатып алуға дайын екенін айтқан», - деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінен.


Сатушы әлгінің қолына ұялы телефонын бергеннен кейін, ер адам ақшаны алып келу үшін кабинетіне кеткен болып, ізін суытып отырған. Еш күдіктенбеген сатушы сол күйі кеңседе күтіп қала береді. Алданғанын кейін ғана түсінген.

Қазіргі уақытта жас жігіт ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған. Алаяқтық фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның дәл осындай 15 жағдайға қатысының бар-жоғы анықталуда. Алданған азаматтардың саны одан да көп болуы әбден мүмкін.

Полиция мұндай алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды71-62-91, 71-63-35, 8-747-620-57-93, 8-702-482-22-78 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT