Кениялықтар 2014 жылдың үздік марафоншылары атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марафондар мен жүгіру жарыстарының халықаралық қауымдастығы (AIMS) 2014 жылдың үздік спортшыларын атады.

Олар кениялық Деннис Киметто мен Флоренс Киплагат болды, деп хабарланды ұйым сайтында. Киметто қыркүйек айында Берлинде 2:02.57 уақытта жүгіріп, әлемдік рекорд жасады. Ал Киплагат ақпанда Барселонада жартылай марафонда көрсеткен 1:05.12 уақытымен жаңа рекорд орнатты.

AIMS-тің «жасыл» жүлдесін Франкфурт марафоны, әлеуметтік жүлдесін - Токиодағы марафон иеленді, ал Нью-Йорк марафонының негізін қалаушылардың бірі Джордж Хирш марафондық қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Соңғы жаңалықтар